20 тамыз 2014 | 19:49

Алматыда жанармай бағасы көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматыдағы жанармай құю станциялары жанармай бағасын көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. АИ-98, АИ-96 және АИ-95 маркалы жанармай құны орта есеппен 4-5 теңгеге қымбаттаған.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы жанармай құю станциялары жанармай бағасын көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. АИ-98, АИ-96 және АИ-95 маркалы жанармай құны орта есеппен 4-5 теңгеге қымбаттаған.

Алматыдағы жанармай құю станциялары (ЖҚС) бағаны тамыздың 20-ы күні түс қайта көтерген. Атап айтқанда, Алматыдағы Royal Petrol жанармай құю станцияларында АИ-98 - 165 теңгеге, АИ-96-153 теңгеге көтерген. "Рас, біз бағаны мемлекеттік қадағалауға жатпайтын жанармай түрлеріне көтердік. Девальвациядан кейін біз үшін жанармайды Ресейден долларға сатып алып, ал елімізде теңгеге сатқан тиімсіз", - деп тілшіге Royal Petrol-дың қызметкері мәлім етті. Ол сондай-ақ, АИ-92, АИ-80 және дизельді отынның бағасы сол қалпында қалғанын, алайда тапшылықтың барын айтты.

Ал Helios ЖҚС желісінде АИ-95 маркалы жанармай 154 теңгеге бағаланса, АИ-98-171 теңгеге дейін көтерілген. Одан бөлек "ҚазМұнаГаз" станцияларындағы баға мынадай: АИ-95-150 теңге, АИ-98-158 теңгеге қымбаттаған. Атап өтейік, Аламатыдағы ЖҚС-да халық жиі тұтынатын АИ-92 маркалы тапшылығы әлі де сақталуда. Жанармайдың бұл түрін көптеген ЖҚС талонмен немесе әр көлікке 10 литрдан артық сатпай жатыр. Ал АИ-80 мен дизельді отынның құны ЖҚС сол бұрынғы бағада қалып отыр.

Бұған дейін мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин еліміздегі жанармай бағасы тамыз айында өзгермейтінін айтса, ал "ҚазМұнайГаз Өнімдері" (ҚМГӨ) компаниясы Қазақстанда жаранмай тапшылығы болмайды деп сендірген болатын. Соған қарамастан, Қазақстан жанармай қауымдастығының басқарма төрағасы Болат Әуетаев тамыздың басында Алматы мен Қазақстанның барлық өңіріндегі ЖҚС-да жанармай тапшылығы туындағанын мәлімдеген болатын. "Қазір мұнай өнімдерінің аздығына байланысты жанар-жағармай нарығында тапшылық байқалуда. Сондықтан кейбір жанармай құю станциялары әр көлікке берілер жанармай көлемін кемітуге немесе толықтай талондық жүйеге өтуге мәжбүр", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети