Алматыда жаңбырдан кейін арықтан адам мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда жаңбырдан кейін арықтан адам мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаны видеоға түсірген куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында болған.
"Қыз бала арыққа құлады. (...) Осы жерде адамдар тоқтап, көмектесуге кірісті. Мен кинодан шықтым, қарасам мұнда айғай-шу болып жатыр екен. Арыққа су кірмеуі үшін бітеп жатыр, Қызды шығарып алмақшы", - дейді куәгер.
ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл мәліметті растады.
"Алматыда 07.06 күні сағат 04:30-да Медеу ауданындағы әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында "Самал-2" ықшамауданында ТЖД қызметкерлері (13 адам және 2 арнайы техника), "Алматы құтқару қызметі-109" (төрт адам және бір арнайы техника) арық жүйесінен 1994 жылғы қыздың мәйітін алып шықты, - деп хабарлады Иманқұлов.