29 қазан 2018 08:40

Алматыда жаңбырдың салдарын жоюға 280 адам жұмылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы жауын-шашын. © Tengrinews.kz Алматыдағы жауын-шашын. © Tengrinews.kz

Алматыда жаңбырдың салдарын жою жұмысына 280 адам тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда жаңбырдың салдарын жою жұмысына 280 адам тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.

28 қазанда Алматыда нөсер жауып, 7 миллиметрге дейін жауын-шашын түскен.

Аудан әкімдіктері мен құтқару қызметтерінде 280 адамнан тұратын бригадалар құрылды, 115 арнайы техника жұмылдырылып, су арықпен кедергісіз өтуі үшін 30 мотопомпа және 5 асенизатор техникасы пайдаланылды.

Құтқарушылар 3 мың қап және 200 тонна құм дайындады.

Аудан әкімдігіндегілер дауылды алдын ала ескертуге дейін арықтар мен негізгі жолдарды тазарту жұмысын жүргізді, оған 180 техника мен 1260 жол қызметкері қатысты.

Төтенше жағдайлар мен аудан әкімдігі өкілдерінің ақпараты бойынша, қаланың 13 аумағында су тасқынының алдын алу үшін шұғыл шаралар қолданылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети