Алматыда және Алматы облысында электр қуаты арзандады, - деп хабарлайды "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС мәліметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда және Алматы облысында электр қуаты арзандады, - деп хабарлайды "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС мәліметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.
Компанияның бас директоры Михаил Гамбургердің айтуынша, Екібастұздың екінші ГРЭС-і электр қуатын тарату бағасын төмендетті. Тұтынушылар үшін тариф 1 ақпаннан бері бір киловатт-сағат үшін қосылған құн салығынсыз 15,52 теңге болды. Гамбургер бұл бағаның жылдың соңына дейін сақталатынына үміт білдірді.
Есепке алудың үшаймақты жүйесі бойынша есеп айырысатын тұтынушылар үшін тариф мынадай болды: күндізгі төлем мөлшері - 15,52 теңге, максимум сағаттарда - 32,54 теңге, түнгі мөлшерлеме - 4,36 теңге. Есепке алудың екіаймақты жүйесі бойынша есеп айырысатын тұрғындар үшін электр қуаты күндіз - 22,3 теңге, түнде 4,88 теңге болды. Бұған қоса, тұтыну көлеміне қарай есепке алу жүйесіне өзгерістер енгізілді. Бірінші деңгейдің тарифі 15,4 теңге болды, екінші деңгей - 20,87 теңге, үшінші - 26,1 теңге.
Гамбургер "АлматыЭнергоСбыт" электр қуаты төлемі түбіртегінің формасын өзгергенін айтты. Түбіртектің алғашқы жолына тұтынушы төлем сомасын есептегіш көрсеткішіне сәйкес өзі есептеп жазады. Екінші жолақты "АЖК" АҚ компания мәліметтерінің негізінде толтырады. Егер бұл жолақтарда көрсетілген сомалар арасында үлкен айырма болса, тұтынушыға бақылаушы келеді. Электр энергиясы үшін қарыз мөлшері түбіртектің келесі бетінде көрсетіледі. Жаңа түбіртектер осы айда-ақ жіберілетін болады. Гамбургердің айтуынша, Үкімет коммуналдық қызмет түрлерін тұтыну мөлшерін есептеудің автоматты жүйесін енгізуді қарастырып жатыр. Бұл жүйе Жамбыл облысында сынақтан өткізіліп отыр.
Еске салайық, Алматыда электр қуаты 2013 жылдың басында қымбаттаған еді. Электр станцияларында өткізу бағасының өсуіне байланысты тарифтер орташа есеппен 2,9 пайызға артты.