Алматыда жанжал соңы атыспен аяқталды: бір адам зардап шеккен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жанжал соңы атыспен аяқталды: бір адам зардап шеккен Фото:depositphotos.com

Алматыда таныстар арасындағы жанжал атыспен аяқталды. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда таныстар арасындағы жанжал атыспен аяқталды. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, атыс мегаполистегі көңіл көтеру орындарының бірінде болған. Таныстар арасында жанжал туындап, ер адамдардың бірі қарсыласына оқ атқан. Оқ оның аяғына тиген. Оқиға бейнебақылауға түсіп қалған.

"Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жетісу облысының тумасы, 35 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару тәркіленді", – деп мәлімдеді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети