Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде 7 жастағы қызды қағып, мерт қылған жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті мәлімдеді.
"ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Алматы Полиция департаменті.
Еске салайық, еше Қарасу шағынауданында жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 7 жасар қызды қағып кетті. Оқиға орнынан түсірілген жантүршігерлік кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Полиция мәліметінше, Renault жүк көлігінің жүргізушісі Бұрындай көшесімен батыс бағытта келе жатып баланы қағып кеткен. Қыз оқиға орнында қаза тапты.
Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы Полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!