Алматыда жаппай вакцинация қашан басталады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаппай вакцинация қашан басталады? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай вакцинацияға дайындық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай вакцинацияға дайындық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының әкімі халықты жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші жартысына жоспарланғанын мәлімдеді.

"Сәуірде жаңа вакцина дозасының жеткізілуін күтеміз. Сәуірге 65 000 доза квота бөлінді. Бірақ кеше премьер-министр Асқар Маминмен кездесуде 65 000 дозаның Алматы халқына аз екенін талқыладық. Біз квотаны арттыруымыз керек. Өйткені қазір науқастар санының көбейгені байқалады. Премьер-министр келісімін берді, жақын арада квотаны қайта қараймыз", - деді қала әкімі "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде.

Бақытжан Сағынтаев егу пункттері тек емханаларда ғана емес, ірі сауда орталықтарында да ашылатынын айтты. Сондай-ақ, мобильді пункт жұмысы ұйымдастырылады.
 
Вакцинация Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жүйеге сәйкес жүргізіледі. Үш кезең анықталған. Ол бойынша бірінші кезекте дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім беру саласы және тәуекел топтарына жататын азаматтар вакцина қабылдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети