Алматыда жасөспірім энергетикалық сусындардың кесірінен ауруханаға түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жасөспірім энергетикалық сусындардың кесірінен ауруханаға түскен Сурет: Freepik.com

Алматыда 17 жастағы жасөспірім күнделікті энергетикалық сусын мен фаст-фуд тұтынып, салдарынан алты айдан кейін денсаулығы күрт нашарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 17 жастағы жасөспірім күнделікті энергетикалық сусын мен фаст-фуд тұтынып, салдарынан алты айдан кейін денсаулығы күрт нашарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Науқас №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына "гемофилия В" диагнозымен түскен. Бұрын жасөспірімге қан ұюының IX факторының төмен деңгейі диагнозы қойылған. Тексеру кезінде жасөспірімнен жоғары температура, еріннің қанауы, ауыз қуысының жаралары, буындардың ауыруы және мұрыннан қан кету байқалды. Жасөспірім жүре алмағандықтан, оны арбамен әкелген.

"Алматы қаласы бойынша тәжірибелі дәрігер - бас балалар гематологы, №2 балалар ауруханасы гематология бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Өскенбаева жігіттің IX фактор көрсеткіші гемофилияның орташа ауыр түріне сәйкес келетінін ескертті. Бірақ 17 жыл ішінде гемофилияның белгілері ертерек пайда болар еді. Сонымен қатар, VII фактордың төмендеуі байқалған. Жасөспірімде коагулограмма бойынша гемофилияға сәйкес келмейтін механизмнің ішкі және сыртқы бұзылулары бар", - делінген дәрігерлердің хабарламасында.

Жасөспірімнің ауру тарихымен танысқаннан кейін дәрігер үш жыл бұрын оған ота жасалғанын білген, бірақ ота барысында гемофилияға тән ауыр немесе тоқтаусыз қан кету байқалмаған.

"Кейін дәрігерлер жасөспірім энергетикалық сусындарды күделікті ішкенін білді. Алты ай бойы энергетикалық сусын ішіп, фаст-фудпен тамақтанған. Салдарынан бауыр жұмысы нашарлаған.

Біз балаға бауыр функциясының бұзылуы диагнозын қойдық. Бауырдағы коагуляция факторларының синтезі бұзылған. Бұл - протромбин факторларының жетіспеушілігі. Ал гемофилия диагнозы расталмады. Емдеуге "К витаминін" енгізу оң нәтиже берді - қанның ұюының барлық факторлары және бауыр функциясы қалыпқа келді", - деп қорытындылады дәрігер Ұлжалғас Айтжанова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети