23 маусым 2021 | 13:07

Алматыда "жасыл" аймақ режимі 27 маусымға дейін сақталады - Бекшин

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполистің қайтадан "сары" аймаққа өту себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполистің қайтадан "сары" аймаққа өту себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол брифингте мегаполис эпидемиологтары жаңа мутацияларды анықтау үшін Алматы аумағында айналымда жүрген коронавирус штамдарына генетикалық зерттеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Алматының бас санитария дәрігері қалада айналымдағы 90 пайызға жуық мутацияланған штамдардың таралуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін айтты.

Санитарлық-эпидемиологиялық ведомство басшысының айтуынша, 16 маусымнан бастап вирус жұқтыру көрсеткіші 0,7-ден 0,96-ға дейін өскен.

"Бұл демалыс орындарына бару және тұрғындардың бетперде тағу режимін сақтауынан, эпидемияға қарсы шараларды елемеуі салдарынан болды", – деді Бекшин.

Сондай-ақ, COVID-19 ауруының өсуінің негізгі себебі инфекцияның тез таралуына ықпал ететін мутацияланған штамдардың болуына байланысты екені айтылды.

"Сондықтан 22 маусымда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы тағы да "сары" аймаққа өтті. Жұқтыру көрсеткіші жоғары", - деді ол.

Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда шектеу шараларын бақылау 5 күн ішінде жүргізілетінін айтты ("жасыл" аймақтан "сарыға" немесе "сары" аймақтан "қызылға" көшу). Сондықтан Алматыда "жасыл" аймақ режимі тағы 5 күн, яғни 27 маусымға дейін сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети