Алматыда жат діни ағымдағылардың жиналатын орындары аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жат діни ағымдағылардың жиналатын орындары аталды

Алматыда дәстүрлі емес діни ағым өкілдері жиналатын орындарға бақылау жүргізіліп жатыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматының дін істері басқармасының жетекшісі Айдар Есенбеков мәлімдеді.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда дәстүрлі емес діни ағым өкілдері жиналатын орындарға бақылау жүргізіліп жатыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматының дін істері басқармасының жетекшісі Айдар Есенбеков мәлімдеді.  

Оның айтуынша, Алматыда радикал болуы мүмкін тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізе отырып, құзырлы органдар адамды радикалдарға сырт келбетімен ұқсас келетін адамдарды ұстауы мүмкін. "Қала үлкен. Осы идеяларды ұстанатындар бар. Олар біздің арамызда өмір сүріп жүр, оқиды, жұмыс істейді, мешітке барады, заңға қайшы келмеуі мүмкін. Тек заң бұзылса ғана жауапқа тартылады. Бірақ, тек сырт келбетіне қарап ұстауға болмайды. Адам қателеседі. Біреулер бұрыс бағыт берген болуы мүмкін. Олармен әңгімелессе, дұрыс жолға оралып та жатады", - дейді Есенбеков.

Оның сөзінше, қалада радикалды идеялар насихатталып, адамдарды өз жағына тартуы мүмкін орындарға бақылау жүргізіледі. 

"Олар жиналатын бірнеше мешіт бар. (...) Саудагерлері дәстүрлі емес ағымда жүргенін байқататын бірнеше сауда үйі мен базарлар бар. CarCity автобөлшекетер базары бар, аэровокзал бар, телефон сатады ол жерде, назарымызға түскен тағы бір орын Көк базардағы сауда нүктесі. Барахолкадағы кей базарлар, діни оқулықтар сатылатын орындар", - дейді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар Айдар Есенбеков дінге бет бұрғысы келген, бірақ, радикалды ағымдар жетегінде кетіп қалғысы келмейтін тұрғындарға өз ұсыныстарын айтты. 

"Мен бірден айтайын Намазға жығылғысы немесе Исламға бет бұрғысы келген адам мешітте қызмет атқаратын  ресми имамға баруы керек. Көшеде біреулермен бұл мәселе бойынша тілдесудің керегі жоқ. Егер бәз біреулер дәріс тыңдауға шақырса, фильм көргуе шақырса, бірден қауіптену қажет. Онымен бармасын, мешітке барсын", - деп өз кеңесін берді Есенбеков.

Сонымен бірге, ол дін істері комитеті қандай кітаптар оқуға болатынын және мешіт мекенжайлары көрсетілген 20 сайттың тізімін жариялағанын атап өтті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети