20 мамыр 2021 | 18:02

Алматыда жедел жәрдем жүргізушілерімен болған жанжалға қатысты түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы жедел медициналық жәрдем станциясының басшылығы жүргізушілер наразылығына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы жедел медициналық жәрдем станциясының басшылығы жүргізушілер наразылығына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ өкілдері Алматыда жедел жәрдем көлігінің бірнеше жүргізушісі жұмыс жағдайына қатысты наразылыққа шыққанын жазған болатын. Онда басшылық үстемақы төлеуді кешіктіргені және автокөліктерді жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді жүргізушілер өз қаражаттары есебінен сатып алуға мәжбүр екені айтылған. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлері бұл мәселелерді көтеген әріптестеріне қысым жасалғанын айтты.

Алматы жедел жәрдем станциясы әкімшілігі мәліметіне сүйенсек, биыл сәуірде жүргізушілердің бірінде коронавирус анықталған. Кейін оның басқа әріптестерімен байланыста болғаны белгілі болады. Мұндай тоғыз адам анықталды. Барлығы үй карантиніне жіберілген.

"Алайда олардың бірі карантин режимін сақтамай, тіпті қоғамдық орындарға да барған. Куәгерлер бар. Сонымен қатар, ол бес күннен кейін тіркелген аурухана парағын әкелді. Осы кезеңде ол басқа адамдарға вирус жұқтыру қаупін тудырды. Ал біз оған көз жұма алмаймыз, әсіресе осындай қиын кезеңде", - деді жедел медициналық жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Ербол Сәрсенбаев.

Ол мұндай немқұрайлық салдарынан қосалқы станция меңгерушісі мен жедел жәрдем медбикесі тәртіптік жазаға тартылғанын айтты. Ал осы шешіммен келіспеген жүргізуші басқа әріптестерін жинап, әкімдікке жұмыстан босатылғаны үшін наразылықпен барған. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлері шенеуніктерге үстемеақыны уақтылы төлемегені үшін наразылық білдірді.

"Әкімдікте оларға барлық жағдай түсіндірілді. Олар тек әріптесін қолдау үшін келген. Себебі жүргізушілер 212 мың теңге көлемінде үстемақы алады, ал әкімдік мамырда ынталандыру компоненті ретінде қосымша қаражат бөлді. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына енбеген қызметкерлер санаты үшін, өйткені олар эпидемияға қарсы шараларға да қатысты", - деді Сәрсенбаев.

Жедел жәрдем уақытша басшысы жиі бұзылатын көліктер туралы да айтты. Оның айтуынша, желіде жарияланған видео бұрын түсірілген. Сәрсенбаев қазір барлық көлік сапта екенін және ұйым қаражаты есебінен жөнделетінін мәлімдеді.

"Барлық автопарктегі көліктер жаңа. 2020 жылы 140 машина сатып алынды. Компаниялармен кепілдік қызмет көрсетуге шарттар жасалды. Қала тұрғындарына қызмет көрсететін 200 көліктен басқа, бізде 56 резерв бар. Егер негізгі көлік істен шықса, онда бригада резервке ауыстырылады және қызмет көрсетуін жалғастырады", - деп қорытындылады ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети