Алматыдағы Рысқұлов даңғылының бойында реанимобильге жол бермей қойған Lexus маркалы автокөлік жүргізушісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД ЖПҚ басшысы Жасұлан Байкеновке сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видеода жол талғамайтын көлік жүргізушісі біраз уақыт бойы реанимобильді жібермей қойғаны түсірілген.
Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабы 2-бөлігі ("Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу") бойынша айыппұл салынды. Осы бап бойынша жүргізушіге 10 АЕК (22 690 теңге) айыппұл салынған.