Алматыда жылына жедел жәрдем станциясына 30 мыңға жуық жалған және негізсіз хабарлама келіп түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова мәлімдеді.

Осы мәселені шешу үшін жедел жәрдемге негізсіз және жалған қоңырау шалғандарға айыппұл салу ұсынылды. "Жедел жәрдемге жалған, негізсіз қоңырау шалатын халықтың жауапкершілігі туралы құқықты-нормативтік актіге өзгерту енгізу және айыппұл салу санкциясының механизмін реттеу керек. Біз республикамен, емханалармен бөлісуге болатын өзара есеп айырысу жүйесін енгіздік. 2013 жылы жеті ай ішінде емханаларға 15 миллион теңге төленді. 2014 жылы - 55 миллион теңге. Осыны министрлікпен бекіту қалды", - деді Қасымжанова.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, жедел жәрдем көлігінің жету құны орта есеппен 3 мың мен 5,5 мың теңге аралығында. Әр минут сайын республикамызда 13 қоңырау келіп түсседі. Сонымен қатар, Алматыда жедел жәрдемге мектепке асығып бара жатқан бала мен мысығы ауырған адам қоңырау шалған. Министрлікте жалған және негізсіз қоңырауға айыппұл салу заңда қарастырылмағаны айтылды.