Алматыда жекеменшік балабақшалардағы орындарды әкімдік төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жекеменшік балабақшалардағы орындарды әкімдік төлейді © Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшалардағы орындардың ақшасын төлейді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен есептік кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшалардағы орындардың ақшасын төлейді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен есептік кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағынтаев балабақшаларда әлі де орын жетіспейтінін және тұрғындардың көбі балаларын мемлекеттік балабақшаға бергісі келетінін айтады.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жекеменшік балабақшаларда қосымша орындар ашу үшін мемлекеттік тапсырыс беріледі.

"Бізге қолдау көрсетілді, таяуда бұйрық шығады. Сол кезде жекеменшік балабақшаларда қосымша орындар пайда болады. Бұл мемлекеттік немесе жекеменшік балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді, бағалары бірдей болады", - деді Сағынтаев.

Қала әкімі осы мақсатта қала бюджетінен шамамен үш миллиард теңге бөлінетінін айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети