06 мамыр 2018 18:49

Алматыда Жеңіс күні қалай атап өтіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдік Алматыда 7-9 мамыр күндері өтетін мерекелік шаралар анонсын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әкімдік Алматыда 7-9 мамыр күндері өтетін мерекелік шаралар анонсын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеңіс күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарын мазмұнды мерекелік бағдарламалар күтуде.
7 мамырда сағат 10-00-де Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылғандарға қатысты салтанатты шара өтеді. Шара барысында барлау бөлімшесі десант-шабуыл әскерлерінің көрсетілімі мен ҚР Мемлекеттік үрлмелі аспаптар оркестрінің мерекелік концерті болады.
Отан қорғаушы күні мерекесі аясында сахнада отандық эстрада жұлдыздары, соның ішінде Нұрқат Сүйінбек, Ерболат Құдайбергенов, Monique, Айжан Нұрмағамбетова және басқалары өнер көрсетеді.

Сағат 11-00-де мегаполистің барлық видеобордтарында "Отар" әскери базасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік шеруінен тікелей трансляция ұйымдастырылады.

Дәл осы күні сағат 22-00-де Сайран өзені жағасында мерекелік салют болады.

"Ұлы дала ойындары" мерекелік фестивалі аясында мегаполисте бірқатар спорттық - бұқаралық шаралар жоспарланған.

7 мамырда сағат 10-00-де қалалық ипподромда ат спортының ұлттық түрлерінен жарыстар өтеді.

8 мамырда сағат 19-00-де Қазақстанда алғаш рет "Сұңқар" спорт кешенінде "Белдесу" ұлттық күресі бойынша "Халық Барысы" ашық республикалық турнир өтеді. Бұл - ЮНЕСКО-ның қолдауымен олимпиадалық емес спорттың әлемдік желісіне енген ең көне ежелгі ұлттық күрес түрі. Турнирге еліміздің әр өңірінен мыңға жуық палуан қатысады, оның жүлделік қоры 20 миллион теңге.

9 мамырда сағат 11-00-де 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніннің 73 жылдығына орай "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

"Бұл күні дәстүр бойынша әскери асхана ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама ұсынылады. Әскери техника көрмесі, арнайы фотоаймақ, алғыс қабырғасы, тірі инсталляциялар мен театрландырылған қойылымдар жоспарланған. Бұлардан өзге, әрине соғыс жылдарының сүйікті әндері орындалады. Кез- келген жан оған қатысып, жеңіс үшін құрбан болғандарды еске алады", - деп атап өтті Мәдениет басқармасының басшысы Ханзада Есенова.

Сағат 12-00-де "Астана" алаңынан "Қаһарман Ұлт-Бессмертный полк" шеруі басталады. Шеру Төле би көшесінен Достық даңғылына дейін, содан соң Достық даңғылынан Қазыбек би көшесіне дейін барып, Зенков көшесінен 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы Даңқ Мемориалына барады.

Дәл осы күні сағат 20-00-де "Астана" алаңында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады. Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляковтың басшылығымен эстрадалық-симфониялық оркестрдің орындауында соғыс жылдарының танымал әндері шырқалады.

Мерекелік шара соңы сағат 22-00-де "Астана" алаңындағы салютке ұласады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети