Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге миллион теңгеден беріледі

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге миллион теңгеден беріледі Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жеңіс күніне орай ардагерлерге қолдау көрсетуге уәде берді. Қала әкімдігі әрбір ардагерге миллион теңгеден бөледі. Бұл туралы қала басшысы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны азайып бара жатқанын атап өтті. Бүгінде Алматыда 77 майдангер тұрады, оның 18-і - Бостандық ауданының тұрғыны.

"Ұлы Жеңіс мерекесі біз үшін өте маңызды. Өкінішке қарай, екі жыл бойы пандемия салдарынан тойланбады. Биыл оны дұрыстап атап өтеміз. Ешқандай шектеулер жоқ. Әр ардагерге барамыз деп үміттенемін. Әкімдік тарапынан қолдау көрсеткіміз келеді және әрбір соғыс ардагеріне миллион теңгеден бөлеміз", - деді Ерболат Досаев.

Алматы басшысы тыл ардагерлеріне теңестірілген барлық тұлғаға зор денсаулық тіледі.

"Олардың саны - 10 600. Мәслихат шешімімен ақшалай қолдау қарастырылған", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети