Алматыда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлері қанша алады?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлері қанша алады?

Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Жеңіс күні қанша алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Жеңіс күні қанша алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада 58 ардагер тұратынын айтты.

"9 мамыр - баршамыз үшін қасиетті мереке. Иә, өкінішке қарай, жыл өткен сайын батырларымыз азайып барады. Соңғы мәлімет бойынша Алматыда 58 ардагер тұрады. Олардың бәрі мерекелерін аман-есен қарсы алып, мерекені тойлауын қалаймын. Көмекке келетін болсақ, қаражат қарастырылған, біз Ұлы Отан соғысының әр ардагеріне бір миллион теңгеден төлеуді жоспарлағанбыз. Ертең мәслихаттың отырысы болады, мен депутаттарға 1,5 миллион теңге төлеу үшін тағы бес жүз мың қосуды сұрадым.

Сондай-ақ, ауған жауынгерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және т.б. материалдық көмек көрсетеміз. 9 мамырда дәстүр бойынша 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа гүл шоқтары қойылып, мерекелік концерт өтеді. Қаланың барлық ауданында ардагерлерімізге құрмет көрсетіледі.

Мерекеге жеке қатыса алмайтын ардагерлерге ерекше көңіл бөлеміз, аудан әкімдері және мен бәрін аралап, жеке құттықтаймыз", - деді Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети