Алматыда жер астынан атқылаған "фонтан" видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда 17 маусымда Райымбек даңғылы мен Механическая көшелерінің қиылысындағы жанар-жағармай құю бекеті аумағында жылу трассасы жарылды. Оқиға куәгерлері жер астынан атқылаған "фонтанды" видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 17 маусымда Райымбек даңғылы мен Механическая көшелерінің қиылысындағы жанар-жағармай құю бекеті аумағында жылу трассасы жарылды. Оқиға куәгерлері жер астынан атқылаған "фонтанды" видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы жылу-энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ресми өкілі Ян Гирин құбырдың жарылу себебін атады, сонымен қатар атқылаған судың температурасы 60-65 градустан аспағанын атап өтті. Оның айтуынша, ол адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төндірмейді.

"Бүгін таңғы сағат 05:30 шамасында қалалық жылу желілерін алдын ала жарияланған жоспарлы гидравликалық сынақтан өткізу кезінде Райымбек даңғылы мен Механическая көшесі қиылысына жақын жерден өтетін магистральдық құбыр учаскелерінің бірі жарылды.

Диаметрі 700 миллиметр құбырдың екпінін шұғыл тәртіппен "Алматы жылу желілері" ЖШС апаттық бригадасы оқшаулады, ол зақымдануды жоюға кірісті. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыстың себебі - 1966 жылы пайдалануға берілген құбырдың тозуы", - деп түсіндірді Ян Гирин.

Сондай-ақ, ол оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети