Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"15:06-да Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі мен магнитудасы анықталып жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Жер сілкінісі "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық стансиялар желісімен тіркелгені айтылады.
"Жер сілкінісі эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 8,5. MPV - 3,7 Магнитуда. Тереңдігі - 15 шақырым. Сезілуі туралы мәліметтер: 2-3 балл", - делінген some.kz сайтында.