1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда жер сілкінісі сезілді06 маусым 2020, 09:06

Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуропа-Жерорта сейсмологиялық орталығының мәліметтері бойынша, 6 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 06.10-да магнитудасы 5,1 жер сілкінісі болды. Зілзалдың эпицентрі Алматы облысында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде және Талдықорғаннан шығысқа қарай 63 шақырым жерде орналасқан.

"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 244 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12,2. MPV магнитудасы - 6,2.

Талдықорғанда жер асты дүмпулері 4 балл, Алматыда - 2 баллға жуық сезілді.

Алматы қаласы ТЖД өкілі тиісті мемлекеттік органдарды хабардар еткенін айтты. Жағдай тұрақты. "112" және "101" желілеріне қоңырау түспеген.

"Қазселденқорғаудың" хабарлауынша, гидротехникалық құрылыстарда деформация, жарықтар пайда болған жоқ. Өзен лайлылығы нормаға сәйкес, қалыпты режимде ағып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда митинг өтті