Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жер сілкінісі тіркелді Скриншот Google Maps

Алматыда 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 22 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 2:16-да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 балл болған.

Сейсмологтар мәліметінше, Алматыда жер сілкінісі 2 баллдық қарқынмен сезілген.

Ал ТЖМ "Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының" сейсмологтары жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқанын хабарлады. Бұл ретте Алматыда жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді.

Еске сала кетейік, 6 желтоқсанда қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеген болатын, сол кезде Тараз бен Шымкентте жер асты дүмпулері болжамды түрде 2 балл қарқынмен сезілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети