Алматыда жерасты жаяу жүргіншілер өткелін су басып қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жерасты жаяу жүргіншілер өткелін су басып қалды Фото: Алмалы ауданы әкімдігінен

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелін су басып жатыр. Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелін су басып жатыр. Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғындары Абылай хан мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде төбеден су ағып жатқанына шағымданды. Видеодан жаяу жүргіншілер өткелінде су жаңбырша жауып тұрғанын көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS.P АЛМАТЫ|ALMATY🇰🇿🔞⚠️💯 (@krisp__almaty)

Видеода автор суға байланысты өткел құлап кетуі мүмкін екенін ескерткен.

Сурет: Алмалы ауданы әкімдігінен

Алмалы ауданы әкімдігі мәліметінше, 2018 жылы осы жерасты өткеліне жөндеу жүргізу барысында төбеге гидрооқшаулағыш орнатылмаған.

"Бүгінде бұл жерасты өткелінде проблема бар. Абылай хан көшесінің арық желісі арқылы су жібергенде, өткелдің шығыс жағына су кетеді. Бұл - су көп болған жағдайда. Өкінішке қарай, судың қайдан ағып жатқанын түсіну қиын. Жол төсемін ашуға тура келеді", - деді Алмалы ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімі өкілі.

Әкімдік видеоға жаяу жүргіншілер өткелін тазартумен айналысатын коммуналдық шаруашылық қызметкері түсірілгенін де нақтылады. Түнгі уақытта өткел жағдайын және санитарлық қондырғыларды бақылайтын бірнеше қызметкер кезекшілікте қалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети