Алматыда жерді заңсыз иеленген 950 адамға 216,5 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда жерді заңсыз иеленген 950 адамға 216,5 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев құрылыс және жер нормаларының сақталуы туралы айтты.
"Бақылау функциялары шеңберінде Қала құрылысын бақылау басқармасы 1 112 заң бұзу дерегін анықтады, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, жұмыс өндірісін ұйымдастыру, заңсыз құрылыс.
Тәртіпбұзушыларға қатысты жалпы сомасы 207,8 миллион теңгеге 1 078 хаттама толтырылды. 246 мемлекеттік құрылыс лицензиясы тоқтатылды. Құрылыс нысандарында бақылау жүргізбегені үшін 54 техникалық қадағалау ұйымы жауапқа тартылды", - деді Олжас Төлебаев.
Жер мәселесіне келетін болсақ, Алматыда жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылған 42 мыңнан аса учаске бар.
"Негізгі заң бұзу дерегі жер учаскелерін өз бетінше қолдану, жалдау мерзімі өткен учаскелерді пайдалану және жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану. Жерді заңсыз иеленгені үшін 950 адам 216,5 миллион теңге сомасына жауапқа тартылды", - деді Олжас Төлебаев.
Бақылау функциялары шеңберінде барлығы 952 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде жалпы сомасы 279,3 миллион теңгеге 1 800 заңбұзушылық анықталды. Сотқа 466 талап арыз жолданған. Сондай-ақ, сот талқылауынсыз 800-ден аса заңсыз нысан анықталып, сүрілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!