02 сәуір 2014 10:09

Алматыда жердің опырылып кетуінен үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Алматыда жер қабатының опырылып түсуінен 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда жер қабатының опырылып түсуінен 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер қабатының опырылып кету оқиғасы сәуірдің 1-і күні күндізгі сағат 11.21-де Рысқұлов даңғылы бойында салынып жатқан жолайрық аумағында орын алған.

"Жер қабатының опырылып кетуіне байланысты жағдай құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында орын алған. Соның салдарынан "Алматы-Техно-Сервис LTD" ЖШС-нің 1976 жылы туған жұмысшысы қайтыс болды", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Екінші оқиға Медеу ауданы аумағындағы жеке секторда сәуірдің 1-і күні сағат таңғы 09.05 тіркелген. "Жұмысшылар жер үйлер маңында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанда жер қабаты кенеттен опырылып кетуінен 1982 және 1992 жылы туған екі жұмысшы жан тәсілім болды", -  делінген ТЖМ таратқан мәліметте.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети