Алматыда жеті көшенің атауы өзгертілмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жеті көшенің атауы өзгертілмек Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматыда Наурызбай ауданындағы бес шағынауданда жеті көшенің атауын белгілі мемлекет қайраткерлерінің құрметіне өзгерту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кrisha.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Наурызбай ауданындағы бес шағынауданда жеті көшенің атауын белгілі мемлекет қайраткерлерінің құрметіне өзгерту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кrisha.kz сайтына сілтеме жасап. 

Таужолы шағынауданындағы Щедрость көшесін саяси қайраткер Капитолина Крюкованың есімімен атау ұсынылды.

Наурызбай ауданы бойынша Қалқаман-2 шағынауданындағы 5-көшені - Сергей Дьяченко, 7-көшені - Валерий Хрищатый есімімен атау, ал Проектируемая көшесіне композитор Базарбай Жұманиязов есімін беру ұсынылды.

Тастыбұлақ ықшам ауданындағы Айболит-2 көшесін Медеу шатқалындағы селден қорғайтын бөгеттің құрылысын басқарған ғалым, инженер Алексей Хегайдың есімімен атау ұсынылды.

Ажар шағынауданында Карьерная көшесінің орнына Қилыбай Медеубеков көшесі пайда болуы мүмкін.

Наурыз шағынауданындағы Интернациональная көшесін мемлекет қайраткері Саламат Мұқашевтің құрметіне өзгерту ұсынылды.

Алматы әкімдігі мен мәслихатының бұл қаулысын 12 мамырға дейін "Ашық НҚА" сайтында талқылауға болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети