Алматыда жеткізу қызметі біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жеткізу қызметі біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр Иллюстрациялық сурет: elements.envato.com

Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларында жеткізу және такси қызметі кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр. Кейбір компаниялар интернет қосылғаннан кейін бірден жұмысқа кірісті, ал кейбіреулері әлі жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларында жеткізу және такси қызметі кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр. Кейбір компаниялар интернет қосылғаннан кейін бірден жұмысқа кірісті, ал кейбіреулері әлі жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Glovo компаниясы тәртіпсіздіктер кезінде компанияға тікелей залал келтірілмегенін мәлімдеді. Қосымша 5 қаңтардан бастап жұмыс істемеуіне байланысты шығын болуы мүмкін екені айтылды.

"Біз үшін ең маңыздысы - жеткізушілер мен серіктестердің қауіпсіздігі. Төтенше жағдай енгізілген күннен бастап қосымшаның жұмысын тоқтаттық, компания кеңселері мен жеткізу орталықтарын жауып тастадық. Бұл туралы жеткізушілерге, серіктестер мен қолданушыларға хабарладық. Қазір зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - деп түсіндірді компания өкілі.

Компания қосымшаның жұмысына бойкот жариялау дерегі тіркелмегенін хабарлады.

"Glovo қызметі азаматтар үшін қауіпсіз, Интернет желісі қамтамасыз етілген қалаларда ғана жұмыс істейді", - деді Glovo қызметкері.

Яндекс Go компаниясының баспасөз қызметі өкілі интернетке байланысты Яндекс Go такси және жеткізу қызметі тұрақты жұмыс істемейтінін мәлімдеді. Такси қызметін пайдалануға болады, бірақ "Тамақ" қызметі уақытша жұмыс істемейді.

Arbuz.kz компаниясы 11 қаңтарда азық-түлік жеткізу Саин, Әл-Фараби және Райымбек даңғылдарының бойында орналасқан мекенжайлар бойынша ғана жүзеге асырылатынын айтты.

"Добрая" интернет-дәріханасының байланыс орталығы тапсырысты тек сайтта ресімдеуге болатынын хабарлады. Сондықтан интернет өшкеннен кейін онлайн-дәріхана сайтта тапсырыс беріп үлгергендерге 9.00-ден 18.00-ге дейін тауарды жеткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети