Алматыда жезөкшелер қызмет көрсеткен боди-массаж салоны әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсеткен боди-массаж салоны әшкере болды Видеодан алынған скриншот

Алматыда зәулім үйде жұмыс істеген боди-массаж салоны анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда зәулім үйде жұмыс істеген боди-массаж салоны анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция тексерісті өткен түні өткізді. Жұмыс орнында өзін массажист ретінде көрсететін 13 жеңіл жүрісті қыз бен қызметкерлер арасында жұмыс көлемін бөлетін әкімші болды.

"Мұнда жұмыс істеген екі әйел Өзбекстаннан, қалғандары Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан келген қыздар. Ұсталғандардың тек біреуі ғана жергілікті тұрғын.

Тексеру барысында  зәулім үйде интим бизнес үшін барлық жағдай жасалғаны анықталды, клиенттердің өтініштері бойынша мұнда сауна да жұмыс істейді. Біздің қызметкерлер барған кезде үйде адамдар көп болды. Жезөкшелікпен айналысқан әйелдер де, олардың клиенттері де полицияға жеткізілді. Алдымен олардың заңсыз іс-әрекеттерге қатысы бар-жоғы арнайы есептер бойынша тексеріліп, кейін жауапкершілікке тартылды.

Айтпақшы, зәулім үйдің иесі де анықталды. Оның іс-әрекеті жезөкшелікпен айналысуға үй-жайларды ұсыну ретінде дәрежеленді", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ полицейлер түнде өткізілген жедел іс-шаралар барысында тағы бес притон анықталғанын айтты, онда 14 әйел ақылы жыныстық қызметтер көрсеткен, олардың үшеуі Өзбекстаннан, біреуі Қырғызстаннан келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети