08 тамыз 2019 | 09:53

Алматыда жоғалған жүкті келіншектің оқиғасы күтпеген жағдаймен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© inalmaty.kz © inalmaty.kz

Еріктілер Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы жүкті келіншектің табылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еріктілер Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы жүкті келіншектің табылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дана Цейзерді үш күн іздестірдік. Ол жүктілігінің 7-аптасында, үйден қомақты сомамен шығып, таксиге отырып, сол күйі оралмаған еді. Lider.kz еріктілері Алматыдағы барлық аурухана мен перзентхананы тексеріп шықты,  "Саяхат", Көк базар, Арбатты аралып қайтты. Пәтерін жалға беретіндердің барлығынан сұрастырды. Дананы ешкім көрмеген болып шықты, телефоны да сөндірулі тұрды. Бір жарым сағат бұрын біреулер бір жүкті келіншекті Есік қаласы маңындан көрген екен. Еріктілер бірден сол жерге барып, келіншекті тапты", -деп жазған еріктілер тобы Instagram желісіндегі парақшасында.

Осылайша, олардың айтуынша, қыз осы күнге дейін күйеуімен жалдамалы пәтерде болған.

"Жолдасымен бірге сол жақтан пәтер жалдап тұрған. Олардың мұндай әрекетке неліктен барғаны әлі белгісіз. Бірақ осы күнге дейін өзін қоярға жер таппаған туыстарына жанын ашиды", - делінген еріктілердің хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда 19 жастағы жүкті келіншектің жоғалып кеткені жайлы хабарланған еді. Оны іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер қосылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети