Алматыда жоғалған қызды белгісіз біреулер алып қашып кеткен болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жоғалған қызды белгісіз біреулер алып қашып кеткен болып шықты

Алматыда жоғалған 18 жастағы Жұлдыз Ерманованы белгісіз біреулер алып қашып кеткен болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жоғалған 18 жастағы Жұлдыз Ерманованы белгісіз біреулер алып қашып кеткен болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жұлдыздың туған әпкесінің айтуынша, әлеуметтік желілерде жұрт шулағаннан кейін ұрлап әкеткендер қызды үйіне қайтарған. Достарының айтуынша, Ерманова өзін алып қашып кеткен жігітті танымаған да. Туыстарының айтуынша, олар жігіттің үстінен арыз жазбайды. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы процесстік әрекеттердің барысында анықталады. 

"Жұлдызымызды іздестіруге қолдау көрсетіп, көмек қолын созғандарға алғыс айтамыз. Қоғам бізге көмектесті. Сіздердің көмектеріңізсіз біз ештеңе істей алмайтын едік! Себебі Жұлдызды бейтаныс жігіт алып қашып кеткен, сөйтіп, өзінің қалыңдығы еткісі келіпті. Жұлдыз некеге келісім бермепті. Жігіттің ата-анасы жұрттың шулағанын біліп, полицейлердің іздестіріп жатқанын көргеннен кейін шошып кетіп, сіңлімді қайтарды", - деді Жұлдыздың әпкесі Ақшолпан Ерманова.

Оның айтуынша, Жұлдыз қорқып қалған, бірақ жағдайы жақсы. "Бәрі бейбіт жолмен шешілді", - деді Ақшолпан.

Еске салайық, 18 жастағы Жұлдыз Ерманова Алматыда 1 тамызда жоғалып кеткен еді. Қызды іздестіру туралы хабарландыру әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда жария болды, оны құқық қорғау органдары мен еріктілер іздестірді. Ал бүгін, 3 тамызда ол табылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети