09 желтоқсан 2020 15:45

Алматыда жол бойында шахмат ойнаған пранкерлер қамауға алынды

Видео кадры

Алматы қаласының полицейлері жол бойында шахмат ойнаған пранкерлер қамауға алынғанын айтты. Блогерлер Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің "Ұсақ бұзықылық" бабы бойынша жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады. Сот шешімі бойынша ойыншылардың бірі 15 тәулікке, екіншісі 10 тәулікке қамалды. Олар Алматының қабылдау-тарату орнына қамалды.

Реклама
Реклама

"Одан бөлек, сот шешімі бойынша құқықбұзушылардың жүріп-тұруына үш ай мерзімге ерекше талап қойылды", - дейді полиция өкілдері. 

Еске салайық, 7 желтоқсанда Әл-Фараби даңғылының бойында шахмат ойнап отырған пранкерлердің видеосы тараған болатын. Сол күні Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр Facebook желісіндегі парақшасында пранкерлер полицияға жеткізілгенін хабарлады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram