1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда жол бойында шахмат ойнаған пранкерлер қамауға алынды 09 желтоқсан 2020, 15:45

Алматы қаласының полицейлері жол бойында шахмат ойнаған пранкерлер қамауға алынғанын айтты. Блогерлер Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің "Ұсақ
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видео кадры Видео кадры

Алматы қаласының полицейлері жол бойында шахмат ойнаған пранкерлер қамауға алынғанын айтты. Блогерлер Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің "Ұсақ бұзықылық" бабы бойынша жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады. Сот шешімі бойынша ойыншылардың бірі 15 тәулікке, екіншісі 10 тәулікке қамалды. Олар Алматының қабылдау-тарату орнына қамалды.

"Одан бөлек, сот шешімі бойынша құқықбұзушылардың жүріп-тұруына үш ай мерзімге ерекше талап қойылды", - дейді полиция өкілдері. 

Еске салайық, 7 желтоқсанда Әл-Фараби даңғылының бойында шахмат ойнап отырған пранкерлердің видеосы тараған болатын. Сол күні Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр Facebook желісіндегі парақшасында пранкерлер полицияға жеткізілгенін хабарлады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram