Алматыда жол жөндеу компанияларының "қара" тізімі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол жөндеу компанияларының "қара" тізімі пайда болды Сурет: elements.envato.com

Алматыда жол жөндеумен айналысатын компаниялардың "қара" тізімі жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол жөндеумен айналысатын компаниялардың "қара" тізімі жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу ауданының тұрғындарының бірі Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде көппәтерлі үйдегі аулаішілік жолды жөндеуді сұрады.

"Бізде аулаға кіретін жол жоқ. Шілдеде жөндейміз деп уәде берілген еді. Көлікпен жүре алу үшін жөндеңіздерші. Көліктер соғылып жатыр, менде ондай қаражат жоқ", - деді Эйхе көшесіндегі үйдің тұрғыны.

Ерболат Досаев тұрғынның сұрағына бұл ауданда өз жұмысын сапасыз орындайтын мердігерлердің белгілі бір "қара" тізімі бар екенін айтты. Солардың бірі - "Сұңқар" компаниясы.

"Біз оларды немқұрайлықпен жасалған жұмыстарын жөндеуге мәжбүр етеміз, олар тесіктерді жамап, шұңқырларды толтырады. Біз оның жолын таптық. Мен әкімдікке сіз айтқан мекен-жай бойынша тапсырма беремін. Қыркүйектің соңына дейін жұмысты аяқтауға тырысамыз. Шұңқырды толтырып, жазда ғана емес, қыста да ыңғайлы жүру үшін мүмкіндігінше сапалы жол жасаймыз", - деді қала әкімі.

Өз баяндамасы барысында Досаев жалпы Жетісу ауданында биыл 18 көшеге 22 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарланғанын хабарлады. Төрт көшеде (Омаров, Қазыбаев, Хожамьяров және Қазыбаев) жол жөндеу жұмыстары қыркүйекте, ал қалған 14 көшеде қазанда аяқталады.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі биыл берілген өкілеттіктер аясында ауданы 8 мың шаршы метр болатын 11 көшедегі жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазанның соңына дейін тағы 7 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарда бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети