Алматыда жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lafa.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Алматыда жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lafa.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Жол-көлік апаты өткен түнде Сүйінбай мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болды. Мопедтің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағанаға барып соғылған. Екі жас жігіт пен қыз сол жерде тіл тартпай кетті.
Дерек көздерінде жазылғандай, мопедтің жүргізушісі мен оның қасындағы қыз бен жігіт Сүйінбай даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Рысқұлов көшесімен қиылысатын тұста жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, қатты жылдамдықпен жол жиегіндегі бағанаға барып соғылған. Нәтижесінде мопедтегі үш адам бірдей ауыр жарақат алып, оқиға орнында мерт болды.
Жол-көлік апаты болған жерге жедел-жәрдем қызметкерлері пен полицейлер келді. Қазіргі таңда жол апатының себептері тексеріліп жатыр.
Шамамен осы уақытта Рысқұлова көшесінің бойында Кудерин мен Немировича-Данченко көшелерінің қиылысында тағы бір жол-көлік апаты болып, онда да мопед жүргізушісі қаза тапты. Ол Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апаты нәтижесінде ауыр жарақат алған мопед жүргізушісі дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.
Mercedes автокөлігі жүргізушісінің сөзіне қарағанда ол Рысқұлов көшесімен шығысқа қарай жүріп келе жатқан. Оған параллель бағытта келе жатқан мопед жүргізушісі кенеттен рөлді оңға бұрып жіберіп, жеңіл көліктің дөңгелегіне түседі.
Қазіргі таңда оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың себебін анықтауда.