18 сәуір 2022 | 17:23

Алматыда жол құрылысы кезінде көптеген заңбұзушылық анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: elements.envato.com Иллюстрация: elements.envato.com

Алматыда жол құрылысы кезінде көптеген заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы мердігер ұйымдардың, ғылыми мекемелер мен техникалық қадағалау мамандарының қатысуымен өткен қаланың жол инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Жиында жол құрылысындағы негізгі бұзушылықтар мен жол инфрақұрылымындағы ақаулар туралы айтылды. Алматыдағы жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының мәліметінше, өткен жылы 1100 тексеру қорытындысы бойынша жол-құрылыс материалдарының үш мыңға жуық үлгісі іріктеліп, сынақтан өткен. Үлгілердің 27 пайызында (800) өндіріс технологиясының бұзылуы анықталған.

Әкім Ерболат Досаев кепілдіктер бойынша заңбұзушылықтарды мердігерлердің өз қаражаты есебінен жоюды тапсырды. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығына, орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау шараларын арттыруды, жол-құрылыс материалдарын тексеруді, аймақтарды кеңейту тапсырылды. Бұрын бақылау аймағында тек негізгі жолдар болса, енді қосалқы аумақтар бағаланатын болады. Алматы әкімі қажет болған жағдайда мұндай бақылау шараларын қаржыландыруды ұлғайтуға дайын екенін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети