Алматылық тұрғын Uber такси қызметін қолдана отырып, 39 минуттық жол жүрісі үшін 9800 теңге төлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылық тұрғын Uber такси қызметін қолдана отырып, 39 минуттық жол жүрісі үшін 9800 теңге төлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұндай бағаға наразы болған Karlygash Ongarova шағымды Instagram желісінде жариялаған. Ол Тимирязев көшесінен әуежайға дейін барған. 39 минутқа созылған жол жүрісі алматылықтың есепшотынан 9800 теңгені ұстап қалған. Сонымен қатар, қыздың айтуынша, сапар кептеліс уақытында емес және ауа райы да қолайсыз емес жағдайда барған.
Өз кезегінде Uber компаниясының өкілдері ауа райы қолайсыз болған кезде, кептелісте және көпшілік тойлайтын мерекелік шаралардың аяқталу уақытында динамикалық коэфиценттер қосылады деп түсіндірді.
"Динамикалық коэффиценттердің іске қосылуы басқа да көліктердің қосылуына себепші болады. Мұндай шара Алматыда өз нәтижесін берді, яғни қандай жағдай болса да, қаланың ішінде 5-6 минут ішінде көлік сіздің алдыңызға келеді", - деді компаниядағылар.
twitter.com/yelikbayev
"Ең бастысы қолданушы бұл динамикалық коэффиценттің қосылғандығынан хабардар болады. Қолданушы тапсырыс берген уақытта жүйе тағы бір мәрте динамикалық коэффиценттің қосылғанын ескертеді. Сонымен қатар, қолданушы әрдайым тапсырыс берген жол ақысының мөлшерін біле алады", - деді Uber өкілдері.
"Қандай жағдай болса да, бағаға байланысты кез келген сұрақ бойынша Uber қолданушылары қосымша арқылы қызмет көрсету орталығына хабарласа алады", - деді компаниядағылар.