Алматыда жолға түкірген BMW жүргізушісі жазаланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жолға түкірген BMW жүргізушісі жазаланды Видео кадры

Алматыда жолға түкірген BMW жүргізушісі жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде BMW жүргізушісі бағдаршамға тоқтаған кезде есікті ашып, жолға қалай түкіргені түсірілген видео жарияланған болатын. Видео авторы жүргізуші бірнеше рет осылай жасағанын айтып, шағымданған.

"Instagram желісінде осы жазбаға 6 ақпанда белгіледі. Тексеру ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзған ер адам анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды", - деп жазды ол.

Рустам Әбдірахманов дерек ӘҚБтК-нің 1-бөлігі 620-бабы "Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу" бойынша қарастырылғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети