Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты ірі даңғыл жабылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты ірі даңғыл жабылады Фото:elements.envato.com

Алматыда қаланың ірі даңғылдарының бірі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда қаланың ірі даңғылдарының бірі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жолдарды жөндеуге байланысты Сейфуллин даңғылында әртүрлі учаскелерде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Сонымен, 31 тамызда сағат 23:00-ден 1 қыркүйек таңғы сағат 7:00-ге дейін Сәтбаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі аралық жабылады.

1 қыркүйекте түнгі сағат 23.00-ден және 2 қыркүйекте таңғы 7.00-ге дейін – Құрманғазы көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін.

Одан кейін 2 қыркүйекте түнгі сағат 23.00-ден және 3 қыркүйек таңғы сағат 7.00-ге дейін - Қабанбай батыр көшесінен Бөгенбай батыр көшесі аралығы.

"Бұл жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүретін бағатыңызды алдын ала қарауды сұраймыз", - деді басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети