Алматыда Жұбанов көшесін ұзартуға қанша учаске алынады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде Жұбанов көшесін батыс бағытта ұзарту жұмыстары қай кезеңде екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде Жұбанов көшесін батыс бағытта ұзарту жұмыстары қай кезеңде екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мегаполис басшысының айтуынша, Жұбанов көшесі Момышұлы көшесінен қала шегіне дейін ұзартылады. Досаев бұл жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алынғанын атап өтті.

"307 жер телімі алу белгіленді. Оның 50-ін биыл сатып аламыз", - деді әкім.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол бүгінде жол құрылысына жауапты мердігерді анықтау үшін байқау жүріп жатқанын айтты.

"Бұл жобаны жүзеге асыру Әуезов ауданының дамуына, көлік жүктемесін азайтуға және қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға ықпал етеді", - деп қосты Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама