17 наурыз 2021 | 13:52

Алматыда жүк көлігі әжесі мен немересін қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/marina_salieva Фото:instagram.com/marina_salieva

Алматыда жүк көлігі 2010 жылғы бала мен әйелді қағып кетті. Желіде жүк көлігінің жүргізушісі жауаптан босап кеткісі келетіні туралы шағым пайда болды. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жүк көлігі 2010 жылғы бала мен әйелді қағып кетті. Желіде жүк көлігінің жүргізушісі жауаптан босап кеткісі келетіні туралы шағым пайда болды. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде пайда болған хабарламада 15 наурызда сағат 9.30-да Павлодар көшесіндегі аялдамада жүк көлігінің жүргізушісі екі адамды қағып кеткені айтылған. Олар 1963 жылғы Валентина мен 2010 жылғы Таисия болған. 

"Екеуі де көптеген жарақат алып № 4 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр. Валентинаның жамбасы, білегі мен аяғының бірнеше сүйегі, бұғанасы мен қабырғасы сынған. Таисия соққыны өзіне алған, оның төменгі жағын жинап шықтық десе болады, тамырларын тікті, сүйектері сынған. Өкінішке қарай, апаттың куәгерлері жоқ, жақын жерде камералар да жоқ. Бірнеше сағаттан кейін куәгер пайда болып, әже мен бала жүк көлігіне өзі жүгіргенін хабарлады. Қазір полиция бұл оқиғаны өз-өзіне қол жұмсау әрекеті ретінде көрсеткісі келеді", - деп жазады олар.

Өтініш Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа да жолданған. 

Оқиға туралы ақпарат Алматы полиция департаментіне берілді. Ведомство өкілі қылмыстық істі қалалық ПД Анықтау басқармасы 345-баптың 2-бөлігі "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соғу" бойынша тергейтінін айтты.

"Зардап шеккендердің жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ол объектив әрі толық, жан-жақты жүзеге асады", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Департамент өкілдері жазба авторының дәлелдері "негізсіз және жаңылыстыратынын" қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети