Сурет СТВ© телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасынан алынды
Алматыда жеңіл автокөлік жүргізушісі полиция көлігін қағып кетті, деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол көлік оқиғасы шамамен түнгі сағат 3-тен 20 минут кеткенде Райымбек даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында болған. Volkswagen Golf автокөлігі Райымбек көшесімен батыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан. Бірақ оның жолында жер үсті өткелі жасалып жатқандығына байланысты жолды қалқалап тұрған жарқылдақ маякшасы бар қосулы полиция көлігі тұрды. Жеңіл автокөлік қатты жүріспен полиция көлігін қағып кетті. Оның ішінде үш құқық қорғау органының қызметкері болған, олардың бәрі ауруханаға жатқызылды. Олардың бірінің жағдайы өте ауыр. Volkswagen көлігінің жүргізуші зардап шеккен жоқ. Ол полиция көлігін байқамай қалдым деп ақталды.
Алматыда жеңіл автокөлік жүргізушісі полиция көлігін қағып кетті, деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол көлік оқиғасы шамамен түнгі сағат 3-тен 20 минут кеткенде Райымбек даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында болған. Volkswagen Golf автокөлігі Райымбек көшесімен батыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан. Бірақ оның жолында жер үсті өткелі жасалып жатқандығына байланысты жолды қалқалап тұрған жарқылдақ маякшасы бар қосулы полиция көлігі тұрды.
Жеңіл автокөлік қатты жүріспен полиция көлігін қағып кетті. Оның ішінде үш құқық қорғау органының қызметкері болған, олардың бәрі ауруханаға жатқызылды. Олардың бірінің жағдайы өте ауыр. Volkswagen көлігінің жүргізуші зардап шеккен жоқ. Ол полиция көлігін байқамай қалдым деп ақталды.