25 тамыз 2021 08:35

Алматыда журналисті ғимараттан күштеп шығарған. Әкімдік түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің ғимаратында болған оқиға елдің жағасын ұстатты. Видеода күзетші "Хабар 24" журналисін ғимараттан күштеп шығарып жібереді. Енді әкімдік өкілдері жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің ғимаратында болған оқиға елдің жағасын ұстатты. Видеода күзетші "Хабар 24" журналисін ғимараттан күштеп шығарып жібереді. Енді әкімдік өкілдері жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, "Хабар 24" журналисі Ақбөпе Тәңірберген оқиғаның видеосын Facebook желісінде жариялаған. Кадрлардан күзетші журналист қызды лифтке жібермей тұрғанын көруге болады. Журналист әлі де ішке кіруге тырысқанда, ер адам оны ұстап алады, көтеріп, сыртқа шығарады. Телеарна қызметкерінің айғайы мен қарсылығына назар аудармай, күзетші оны көшеге итеріп, есікті жауып алады.

Кейінірек журналист денесі көгеріп, жарақат алғанын айтып, Instagram желісінде сурет жариялаған. Ол полицияға арыз түсіргенін мәлімдеді. 

© instagram.com/akbope_tanirbergen

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі жағдайға түсінік берді.

"Хабар 24" телеарнасының журналисті А.Тәңірбергенмен болған оқиғаға байланысты Алатау ауданының әкімдігі келесіні хабарлайды. Қолданыстағы карантин шектеулеріне байланысты Алатау ауданы әкімдігінің ғимаратына кіру шектелген және Ashyq қосымшасы бойынша жүзеге асырылады. Журналист А.Тәңірберген оператормен бірге ғимаратқа қосымшадағы өз мәртебесін сканерлемей, турникеттің астымен өткен, бұл туралы тиісті бейнежазба бар", - дейді әкімдік өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алатау Ауданы Әкімдігі (@akimat_alatau)

Әкімдіктегілердің сөзінше, БАҚ өкілдері күзет қызметі қызметкерлерінің ескертулеріне жауап бермей, жанжалды шығарған. Алайда күзетші де жазалануы мүмкін.

"Алатау ауданының әкімдігі күзет қызметі қызметкерінің әрекетін қолайсыз екенін ресми түрде мәлімдейді. Бұл әрекеттері үшін қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша оларды жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар, әкімдік БАҚ өкілдерімен конструктивті негізде жұмыс істеу үшін ашық және өз құзыреті шеңберінде қызығушылық танытқан ақпаратқа қол жеткізуге дайын екенін атап өтеді. Аудан әкімі журналистерге сұхбат беруге дайын", - дейді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімдігі өкілдері.

Ал "Хабар 24" бас директоры Алена Горбачева телеарна атынан арыз жазылатынын мәлімдеп, фб-да жазба жариялады.

"Арна журналист Ақбөпе Тәңірбергеннің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру фактісі бойынша полицияға арыз дайындайды", - деп жазды Горбачева.

Кейінірек ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Өздеріңізге мәлім, Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімдігі қызметкерінің журналист Ақбөпе Тәңірбергенге күш қолданған теріс әрекеті интернет желісінде қызу талқыланып жатыр. Аудандық әкімдіктің жауапты тұлғаларының бұған қатысты еш шара қолданбауы мәселені тіпті де ушықтырып отыр. Бұл әрине өте өкінішті және біздің бүгінгі "еститін мемлекет", "ашық әкімдік" қағидаларына қайшы келетін жағдай. Журналистердің құқығын бұзуға, олардың ресми жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсетуге ешқашан жол берілмеуі керек. Олар өздерін қай жерде де еркін сезінуі тиіс. БАҚ өкілдері еліміздің тиісті заңнамалары мен нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес қажетті толыққанды ақпарат алуға қай кезде де құқылы. Бұл жағдайға қатысты, Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы қызметтік тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауы қажет деп санаймын. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылуы тиіс. Алдағы уақытта қай жерде болмасын, БАҚ өкілдеріне қатысты бұндай келеңсіз жағдайларға жол берілмеуі қажет", - дейді Балаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети