Алматы полициясы жылжымалы "КРИС-П" фоторадар кешенін іске қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полициясы жылжымалы "КРИС-П" фоторадар кешенін іске қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл құрылғы бірінші кезекте мобильдігімен ерекшеленеді. Осыны ескере келе, Алматы полициясы "КРИС-П" жылжымалы фоторадар кешенін пайдалану апат деңгейі жоғары жол учаскелерін автоматты тәртіпте бақылап, жолдағы жалпы ахуалды жақсартуға септігін тигізеді. Бастапқыда мұндай 10 кешен жұмыс жасайды. Олардың орналасқан жері қала жолдарындағы жағдайдың өзгеруіне қарай ауысып тұрады.
"Қазір тұрақты түрде апат деңгейі жоғары жол учаскелерін анықтайтын арнайы сараптама жасалып жатыр. Тәжірибемізге сүйенсек, көп жағдайда жол қозғалыс ережесін бұзу оқиғалары фото-видеофиксаторлардың көмегімен анықталады. Бұл құрылғы жолдағы апаттар мен одан зардап шеккендердің санын азайтуға көмекеседі", - дейді Алматы қалалық ІІД төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев.
Еске салайық, ақпанда Қазақстанның тәуелсіз автомобильшілер одағы "КРИС-П" жылжымалы фоторадар кешенінің пайда болғанын айтқан болатын. Кейін ішкі істер департаментінің өкілдері "КРИС-П" кешенінің әзірше тек сынақтан өтіп жатқанын хабарлады.