10 қазан 2023 | 15:09

Алматыда жылу беріле бастады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әлеуметтік нысандар кезең-кезеңмен жылу беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда әлеуметтік нысандар кезең-кезеңмен жылу беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның ішінде, мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханаларға жылу беріле бастады.

"Медицина, білім беру ұйымдарымен өзге де әлеуметтік нысандарға 10 қазаннан бастап кезең-кезеңімен жылу беріледі", - деді "АлЖЖ" ЖШС өкілдері.

Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу жоспарланған. Мұндай шешім осы ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескеріп қабылданды.

Жаңа жылыту маусымының басталуы метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде айқындалады.

Алматы қаласында жылыту маусымына дайындау және өткізу ережесіне сәйкес, жылыту кезеңі температуралық режимді ескеріле отырып басталады.

Бұл ретте, тұтынушыларға жылу беру мынадай кезекпен жүргізіледі:

  • балалар, емдеу, мектеп мекемесі, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер:
  • тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • басқа да ғимараттар.

"АлЖЖ" ЖШС жылуды тұрғын үй басқару органдарына дейін жеткізеді, әрі қарай әр үйдің дайындығына солар жауапты. Тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың ішкі жүйесіне қызмет көрсететін орындайтын апаттық (сервистік) қызметтер - ПИК, МИБапаттық жағдай болмаса, жылу беруді өз бетінше орындауы керек немесе осы қызметті орындайтын мекемені жалдауға тиіс.

Жылыту маусымы басталған кезде күтпеген жағдай туындаған кезде тұрғындар "Алматы жылу желілері" ЖШС-не телефон арқылы хабарласа алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети