Алматыда жылу желілерін жөндеу жұмыстары қазан айында бітеді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Алматыда жылу желілерін жөндеу жұмыстары қазан айында бітеді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Алматыда жылу құбырларына жасалатын жөндеу жұмыстары кезінде орта есеппен 149 үй тұрғындары ыстық сусыз қалады. Коммуналдық қызметкерлер бұл уақытша келеңсіздік өзін-өзі ақтайтындығын алға тартуда. Жыл сайын жоспарлы және күрделі жөндеу жұмысы тозығы жеткен құбырларға жүргізіледі.
"1 қазанға дейін барлығы дайын болады. Сол уақыттан бастап тексеру жүргізу толық басталады. Ең алдымен, денсаулық сақтау мекемелері, білім беру орындары мен балабақшалар жылумен қамтылады. Қала әкімінің қаулысы шыққан соң қалған тұтыншуларға жылу жүйесін қоса бастаймыз. Қазіргі таңда 8 учаскіде жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізілуде", - деді "АЛТС" ЖШС бас инженері Вадим Ковальчук.
Медеу ауданындағы бұл аумақта күрделі жөндеу жұмыстары шілде айынан басталған. Мұнда болаттан жасалған құбыр орнатылып жатыр. Жаңа жүйе жылуды үнемдеуге, олардың жарамдылық мерзімін ұзартуға, тот басудан қорғауға септеседі, дейді мердігерлер. Сонымен қатар, қашықтан басқару жүйесі де қарастырылған. Оған қоса, құбырдың қай жерінде зақым бар екендігін анықтауға септігін тигізеді.
"Қазір 20 техника, 80 адам жұмыс істеп жатыр. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 1 қазанда аяқталады. Бұл аумақта жылу жүйесінің магистралі 760 метр. Сондай-ақ Ақсайда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр", - деді мердігер мекеме директоры Қайрат Мұсабаев.
Бүгінгі таңда жоспарлы жөндеу жұмысының басым бөлігі өз мәресіне жетті. Қазір 4,6 шақырым жердегі тозығы жеткен құбырлар ауыстырылып жатыр. Мамандар қазан айының басында бітіреміз деп жоспарлап отыр. Яғни, бұл алматылықтарға жылу уақытылы беріледі деген сөз.