Алматыда алдағы бес күнде жылыту маусымы толықтай аяқталады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Тілшілердің мәліметінше, ауа температурасы 8 градустан жоғары болғандықтан, қала әкімдігі биыл жылуды 8 сәуірден бастап мерзімінен бұрын өшіру туралы шешім қабылдады.

Бірінші кезекте әкімшілік ғимараттардың және көппәтерлі тұрғын үйлерге жылу тарату тоқтатылады. Ал, соңғы кезекте әлеуметтік нысандардың, яғни білім ошақтары мен ауруханалар тұр. Қазір тұрғындарға ескерту жасалып жатыр.
"Барлық нысандарда жылу өшіріліп, "Қазгидрометтің" нақты ақпараты алынғаннан кейін, 1 шілдеге дейін төлемдер қайта есептеледі. Бұл ақпаратпен тұрғындардың барлығын құлағдар етеміз. Айта кетсек, біз жылдар бойында жылу жүйелерін жөндеуден өткізіп келеміз, соның арқасында апаттық жағдайлар азайды. Былтыр 17 шақырым жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Ал, биыл 14 шақырым құбырды жөндеу көреді",- деді "Алматы жылу жүйесі" ЖШС директорының міндетін атқарушы Арсен Хасенов.