Қалада биыл 12 шақырым жылу желісі, 23 шақырым электр желісі, 283 шақырым су құбыры мен 267 шақырым кәріз жүйесі қайта жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Алматы әкімінің қатысуымен өткен алдағы жылыту маусымына қатысты көшпелі кеңесте айтылды.

Мегаполис басшысы жұмыс сапары барысында 5 шақырым жылу желісі реконструкцияланған Төле би көшесі бойындағы учаскені аралап көріп, оның маңын абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Алматының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдегендей, қаланың орталық бөлігін жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Төле би көшесі бойындағы ескі жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары Розыбакиев көшесінің шығысы мен Өтеген батыр көшесінің батысына қарай келер жылы одан әрі жалғасатын болады.
Қазіргі кезде білім, денсаулық сақтау объектілері мен қаланың тұрғын үй қоры алдағы жылыту маусымына 100 пайыз дайын. Энергетика кешені көмір мен мазуттың апат жағдайындағы қорымен толық қамтамасыз етілген.
Гидравликалық сынақ кезіндегі кемшіліктер толық қалпына келтірілген соң жылу жүйелері циркуляциялы режимге көшеді.
Жалпы, Алматыда биыл 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды, 300 шақырым арық салынды және жөнделді. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.