Алматыда Қажымқан Мәсімовті ақтық сапарға шығарып салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Қажымқан Мәсімовті ақтық сапарға шығарып салды Қажымқан Мәсімов. © healthcm.kz

Алматыда Ғалымдар үйінде Қажымқан Қасымұлы Мәсімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Almaty.tv арнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Ғалымдар үйінде Қажымқан Қасымұлы Мәсімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Almaty.tv арнасы. 

Танымал қоғам қайраткерін ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне ғалымдар, әріптестері мен жақындары жиналды. 2019 жылы 8 сәуірде  Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы Қажымқан Қасымұлы Мәсімов 80 жасында қайтыс болды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек көңіл айтуға еліміздің барлық өңірінен адамдар келгенін атап өтті. 

"Кәрім Қажымқанұлы, туған-туыстары мен жақындары. Кеше ғана Алматыдағы Қабылдау үйінде ас берілді. Өздеріңіз білесіздер, кеше Үкімет басшысы, Сенат Спикері, құқық қорғау органдарының басшылары, Үкімет мүшелері мен бірқатар аймақтың әкімдерінен бастап, біздің аға мен оның ұлын Кәрім Қажымқанұлы білетін еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар келді. Дегенмен көптеген адамдар кеше қоштасып үлгермеді", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды. 

Айта кетейік, Қажымқан Мәсімов 1939 жылы 18 сәуірде дүниеге келген. Омбы теміржол, Павлодар индустриалды және Алматы дене шынықтыру институттарын бітірген. Қазақ туризм және спорт академиясы спорттық медицина кафедрасының құрметті профессоры.

2016 жылдың қараша айынан бастап "Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіптік палатасы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысында төраға болып сайланды.

"Мәсімов сауықтыру орталығы" ЖШС бас директоры, Қазақстан йога қауымдастығының президенті болды.

Қажымқан Мәсімов - ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің әкесі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети