Алматыда қала маңына қатынайтын автобус бағыты ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қала маңына қатынайтын автобус бағыты ашылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда Тұздыбастау ауылына қатынайтын тағы бір қала маңы бағыты ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Тұздыбастау ауылына қатынайтын тағы бір қала маңы бағыты ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

21 қарашада №232 қала маңына қатынайтын жаңа бағыт ашылды.

"Бұл бағыт Тұздыбастау ауылынан ("Сұлтан" кешені) "Алматы-2" теміржол вокзалына дейін жүреді. Маршруттағы автобус саны 7, қозғалыс аралығы 20 минут", - делінген хабарламада.

Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын 10 жаңа қала маңына қатынайтын жаңа маршрут ұйымдастырылады. Бұған дейін 7 маршрут ашылды, қалған екі бағыт әзірленіп жатыр.

"Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңы маршрутын ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елді мекенді қамтамасыз етеді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети