04 мамыр 2020 | 17:01

Алматыда қала ішіндегі бекеттер алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карантин режимінің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысанның жұмысы қайта қалпына келуіне байланысты қала ішінде қойылған тосқауыл бекеттердің жұмысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Карантин режимінің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысанның жұмысы қайта қалпына келуіне байланысты қала ішінде қойылған тосқауыл бекеттердің жұмысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Алматы қалалық полиция департаменті карантин режимінің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысанның жұмысы қайта қалпына келуіне байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл қою (фильтрация) посттарының жұмысы тоқтатылғанын хабарлайды. Қазір патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған. Сондай ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады", - делінген ПД таратқан хабарламада. 

Алматы қалалық полиция департаменті жеке қауіпсіздік үшін карантин ережелері мен санитарлы-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын еске салады.

Еске салайық, елімізде карантин режимі кезең-кезеңімен жеңілдетіліп жатыр. 4 мамырдан бастап бірқатар нысанның жұмысы жанданды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети