Алматыда қалың қар жауады: ТЖД шұғыл ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қалың қар жауады: ТЖД шұғыл ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда қалың қар жауады: ТЖД қала тұрғындары мен автокөлік жүргізушілеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қалың қар жауады: ТЖД қала тұрғындары мен автокөлік жүргізушілеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер ескертуіне сәйкес, ТЖД 22 қаңтарда таңертең және күндіз қар, тұман және көктайғақ күтілетінін хабарлады.

"ТЖД автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ жағдайында жолдарда барынша сақ болуға шақырады! Сонымен қатар, жауын-шашын туралы ескертуге байланысты автокөлік жүргізушілеріне көліктерін ағаштардың, электр желілерінің және басқа да құлауы мүмкін конструкциялардың астына қоймауға кеңес береміз", – делінген хабарламада.

Көктайғақ кезінде жарақаттану қаупін азайту үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

  • Қар, көктайғақ кезінде көлікті басқару қиындап, жүргізуші көп жағдайда бақылауды жоғалтуына әкелуі мүмкін екенін және бұл жағдай жаяу жүргіншілерге соқтығуға апаратынын естен шығармаңыз.
  • Көшелерді жол қозғалысы ережелеріне сәйкес белгіленген жерлерде ғана кесіп өтіңіз.
  • Әсіресе жолды кесіп өткен кезде мұқият болыңыз, бөтен істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т.б.) алаңдамаңыз.
  • Әрдайым алдыңызға және аяқ астына қараңыз.
  • Дұрыс аяқ киім таңдауға назар аударыңыз. Аяқ киімнің табаны тайғанамайтын материалдан жасалған және өрнекті бедері болуы тиіс.
  • Қолдарыңызды қалтаға салып жүрмеңіз, бұл тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
  • Тротуарлар, қоғамдық көлік аялдамалары, дүкендердің кіреберіс баспалдақтары және тіпті өз үйіңіздің кіреберісі – бұл адамдар ең көп құлайтын орындар екенін ескеріңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети